«Тур
де Франс» жарысында Фабио Ару «Астана» командасының капитаны болады. Италиялық
велошабандоз жарақатынан айығып, үлкен сайысқа қайта оралмақ.
Ал «Джиро
д’Италия» көпкүндігінің қорытындысы жарияланды. Осымен 100-ші мәрте өткен
байрақты бәсекеде астаналықтардың асығы алшысынан түсті деу қиын. Бұл жолы
араға 37 жыл салып Голландияның спортшысы тұғырдан көрінді. Аптаның қай күні
болмасын, спорттық шара дегенде көзқарасы бөлек италиялықтар бұл жолы да бір
кісідей жиналған.
Топ
бестіктің қатарына іліккендердің арасында уақыт айырмасы тым алшақ болмады. Голландтық
Том Дюмулен испандық команданың атынан қатысқан Найро Кинтанадан небәрі 31
секунд ерте келіп, жеңімпаз атанды.
«Астананың» сапындағы үздік көрсеткіш
Дарио Катальдоға тиесілі. Ол мәре сызығынан 14 болып өтті. Дегенмен,
елордалық велокоманда тіптен жүлдесіз қайтты деуге келмейді. Луис Леон Санчес
«Скарпони белесі» аталымына ие болды.