"Болашақтың ойындарын" дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы базасында мамандандырылған Дирекция құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дирекцияның міндеті – 2026 жылы Астанада өтетін "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорттық турнирін ұйымдастыру және өткізу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шара ел спортындағы маңызды оқиға болмақ.
Айта кетейік, 2024 жылғы 13 қазанда Дубайда (БАӘ) өткен ресми рәсімде Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді. 2026 жылғы жарысты ұйымдастыруға Қазақстаннан бөлек, Перу және Чили мемлекеттері де үміткер болған.