Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да қауіпті химиялық зат тиелген көлік апатқа ұшырады

Батыс Қазақстан облысында қауіпті химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Төтеншеліктердің дерегінше, Беларусь Республикасынан келе жатқан техникада 21 тонна тетрагидрофуран сұйықтығы болған. Өндірісте еріткіш ретінде пайдаланылатын бұл зат адамның тыныс жолына һәм қоршаған орта үшін аса қауіпті. Жолдан шығып кетіп аударылып қалған жүк көлігіндегі ыдыстар жерге құласа да, ішіндегі сұйықтық сыртқа төгілмепті. Осылайша Ақжайық атырабы бір апаттан аман қалды. Кейін радиациялық-химиялық қызмет ауадан сынама алып, жағдайдың қалыпты екенін анықтады. Бұдан кейін көлік жолға шығарылып, жүгі кері тиелді. Ажалдан аман қалған жүргізуші құтқарушыларға алғысын жаудырып, аттанды.