Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚР Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын-ала есеп жариялайды, онда анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. ҚР-ға жеткізілген борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді мамандар зерттеуде", - деп жазылған Көлік министрлігі хабарламасында.