Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров курс сататындарды сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Концерттердің бірінде айтқан сөзі желіде таралып кетті.
«Көк тиын ақшасы жоқ, не бизнесі жоқ бір аға баюдың жолын үйретемін деп отырады ғой. Негізі бай адам үйретпейді ғой. Үш-төрт рет күйеуге тиіп келген апа бақытты отбасы туралы айтып отырады ғой, миыңды ашытып. Қазақ жалқау халық дейді ғой. Негізі жалқау емеспіз. Сенгіштігімізді пайдаланып, бізге жұмыс істетпейді. Сол себепті біреудің өтірігіне сенбей, өз тірлігімізді өзіміз жасап жүрсек, ең бай, ең күшті ұлт боламыз деп ойлаймын», - дейді Қанат Әлжаппаров.
Әзілкештің сөзі кімге бағытталғанына желі қолданушылары болжам жасады.
«Ахметбек Нұрсила мен Айнұр Тұрсынбаева ғой», «Өте дұрыс. Олар солай ақша табады сабағын сатып», «Өте дұрыс айттың, жақсы жеткіздің Қанат», «Айнұр Тұрсынбаева туралы шығар», «Олар солай ақша жасайды. Шынында да өздерін солай көрсетеді, бай адам сияқты болып», - деп жазды желі қолданушылары.