Русский Сайттың толық нұсқасы

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония ғимараты қайта жаңғырады

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2025
  • 110

Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

80 жылдық тарихы бар филармония 2020 жылдан бері бұрынғы «Еңлік-Кебек» кинотеатрының ғимаратында орналасқан. Алайда, кинотеатрды 2019 жылға дейін сенімгерлік басқаруға алған серіктестік ешқандай жөндеу жүргізбеген көрінеді. 

Филармония өз қарамағына алысымен ғимараттың шатыры, кіші залы, су желісіне ағымдағы жөндеу жүргізген. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған жылу жүйесі іске қосылды. Ғимаратта 259 адамға арналған үлкен, 180 адамға арналған кіші зал бар.

Ғимараттың іші-сыртын аралаған аймақ басшысы филармония директорының өтінішін тыңдады. Филармония директоры өнер ұжымының әртістеріне жеке дайындық залы керектігін айтты.

Бұл қаламыздағы өзіндік архитектуралық үлгісі бар тарихи ғимараттардың бірі. Біз оның негізгі қалпын сақтай отырып, көптің көңілінен шығатындай жаңғырту жұмысын жүргізгеніміз дұрыс. Сонымен қатар, ауласын абаттандыруды да ұмытпағанымыз жөн. Ал, мекеме ауласына қосымша жаңа ғимарат салу мәселесін жан-жақты ойластырып, шешуіміз қажет, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы осы мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.