Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей мен Беларусьтегі қазақстандықтар үшін 8 сайлау учаскесі қызмет етеді

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2016
  • 1137

Қазақстанның шет мемлекеттердегі елшіліктері де алдағы сайлау науқанына тас-түйін дайын. Көршілес Ресейде қазақстандықтар үшін алты бірдей қалада сайлау учаскесі жасақталды. Мәскеу, Санкт-Петербор, Астрахан, Омбы және Қазан қалаларында қызмет бабымен немесе оқуда жүрген отандастарымыз жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіден кешкі сегізге дейін келіп дауыс бере алады.

Беларусьтің Минск және Брест қалаларында да азаматтарымыз үшін сайлау учаскелері ұйымдастырылды. Аталмыш мемлекеттердегі қазақстандықтардың толық тізімі жергілікті сайлау учаскілеріне берілген.

Ерғали Бөлегенов, Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі: 

Олар келіп, біздің  тәжірибемізді зерттейді. Сондай-ақ бұл жерде науқанның қалай атқарылып жатқанын көру үшін, біздің өкілдерімізді шақырады. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мұнда жоғары бағаға ие. Мен ол жайында билік өкілдерінен және лауазымды тұлғалардан жиі естимін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ