Дональд Трамптың ант беру рәсіміне өзгеріс енді

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2025
  • 380
Дональд Трамптың ант беру рәсіміне өзгеріс енді

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзінің инаугурациясы ауа райының болжамына байланысты Капитолий ішінде өтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

The New York Times мәліметінше, бұл 40 жыл ішінде президенттің ант беру рәсімі жабық ғимаратта өтетін алғашқы жағдай болмақ.

АҚШ-тың жаңа президентін ұлықтау рәсімі жергілікті уақыт бойынша алдағы дүйсенбі күнге жоспарланған.