Түркияда қонақүйдегі өрттен қаза болғандар саны 76 адамға жетті

Түркияда қонақүйдегі өрттен қаза болғандар саны 76 адамға жетті

Түркияда қонақүйдегі өрттен қаза болғандар саны 76 адамға жетті. Осыған байланысты елде аза тұту күні деп жариялады. Қайтыс болғандардың 52-сінің аты-жөндері анықталған. Ал қалған 24-інің кім екенін нақтылау үшін Анкарадағы арнайы орталықта ДНК тесті жасалады. Тілсіз жауға қатысты арнайы тергеу тобы құрылды. 9 адам қамауға алынды. Олардың ішінде қонақ үйдің иесі де бар. 

ӘЛИ ЙЕРЛИКАЯ, ТҮРКИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
Өртенген ғимарат ішіндегі іздеу-құтқару жұмыстары толық аяқталды. Қайтыс болған 76 адамның 45-сінің денесі туыстарына берілді. Бұл қайғылы оқиғаға кінәлілердің барлығы жазаланады.