Русский Сайттың толық нұсқасы

Әкімдер «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның талаптарын орындамай отыр - М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2017
  • 2249

Кей облыстардың әкімдері «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның талаптарын орындамай отыр. Үкіметтік емес ұйымдар өткізген зерттеулер осыны көрсетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев айтты. 

Аталған ұйымдар мемлекеттік органдардың сұрау салуға қалай жауап беретінін зерттеген. 12 облыстың әкімдеріне «e-Gov» порталындағы блогтары арқылы сұрау жіберген. Олардың төртеуі ғана заңға сәйкес жауап қайтарыпты. Өзгелерінің тіпті үкімет порталында блогы да жоқ екен. Бұл - ақпаратқа қолжетімділік туралы заң талаптарын көпе-көрнеу бұзу болып табылады,- дейді депутат.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Халықтың ұсынысын мемлекеттік орган жұмысында ескеру, осы заңда көрсетілген механизмдер толық жүзеге асып жатқан жоқ. неге олай, неге мемлекеттік органдар елмен толыққанды жұмыс істемей жатыр сол бойынша дегенді көтердік осында ұсыныстарды үкіметке өзге де органдарға беретін боламыз.

Осы ретте мемлекеттік органдардың ашықтығы бойынша қоғамдық рейтинг құру туралы пікірлер айтылды. Дәурен Абаев «Ашық Үкімет» порталы «Ашық петиция» деп аталатын компоненттерді енгізу министрлікте талқыланып жатқанын айтты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА