Астанада еріктілер тазалық қызметкерлеріне бауырсақ пен ыстық шай таратты

Астанада еріктілер тазалық қызметкерлеріне бауырсақ пен ыстық шай таратты

Астанада еріктілер тазалық қызметкерлеріне бауырсақ пен ыстық шәй таратты. Осылайша арқаның сарышұнақ аязында жақсы көңіл-күй сыйлап, көпшілікті қуантты. Қайырымдылық шарасы "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылды. Ал, тазалық қызметкерлері қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғыстарын білдірді. 

АЙНАГҮЛ ИСЛАМҒАЛИҚЫЗЫ, "АСТАНА-ЗЕЛЕНСТРОЙ" ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Осындай қыстың аязында, суығында бізге азда болса көмектеріңіз беріп шәймен жылытып жатқандарыңызға рақмет! Осы мынау қызмет істеп жүрген қыз-жігіттер барлықтарыңызға алғысымыз зор.

ҚАЙСАР ҚҰЛХОЖАҚЫМЕТ, ВОЛОНТЕР:

Біз 10 волонтер боламыз. Қаланы таза ұстайтын қызметкерлерге қаламызды таза ұстап жүргені үшін алғыс айтудамыз. Және біз оған қарамастан жалғыз басты зейнеткерлерге көмектесеміз.