Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент соттарды тергеу таққан айыппен келісе бермеуге шақырды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2017
  • 2176

Президент соттарды "тергеу таққан айыппен" келісе бермеуге шақырды. Полиция, Қауіпсіздік комитеті мен Қаржы полициясы кейде шатысуы мүмкін деді.

Мұны президент Ақордада Жоғары сот төрағасын қабылдауында айтты. Қайрат Мәмидің айтуынша, биыл 5 айдың ішінде соттарға 512 мыңнан астам қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер түскен. "Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім әділ болып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге әлі ерте, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Полицияның да, Қауіпсіздік комитетің де Қаржы полициясының тапқан мәселелері көбіне солардың айтқанымен өтіп кете береді. Барлығы дұрыс болып  шықпайды ғой.  Олардың қателігін түзететін. Бізде сотқа жетпей бұзылып қайтса, жұмысын орындамаған болып, айыпталады. Істейтін жұмыстар көп.