Ақтөбеде бір мезгілде үш бала суға батып кетті. Оқиға басқа күні емес, балаларды қорғау күнінде болған. Куәгерлердің айтуынша, қаланың қақ ортасындағы саябақ жанынан өтетін Сазды өзеніне бірнеше бала шомылып жүрген. Оларға саябақ күзетшілері не басқа адамдар ескерту жасап үлгермеген. Оқиғаның мән-жайын әріптесім Жақсыбек Кемал анықтауға тырысты.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл қайғылы оқиға 12-інші ықшам аудандағы «Нұр ғасыр» мешітінің жанында болған. Тұрғындар түстен кейінгі уақытта бірнеше баланың суға шомылып жүргенін көргендерін айтады. Мейрам болғандықтан, саябақ пен өзен жағасында адам көп болыпты.
Екатерина Арнт, Ақтөбе
қаласының тұрғыны:
Полиция келді 1
көлікпен. 15 минуттан кейін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келді. Ал сүңгуірлер 20-25 минуттан соң келді. Адамдар жиналып қалды. Соңғы жағын алыстан, пәтердің терезесінен ғана көрдік. Себебі мұндайға қарау қорқынышты. Солармен бірге тағы бір бала болған секілді. Басы су
еді, біреулерге қоңырау шалып жүрді.
Дегенмен, жасөспірімдердің нақты қалай батып кеткені әзірге белгісіз. Куәгерлер оқыс оқиға туралы полицияға сағат 16:30-дарда хабар берген.
Нұргүл Қонақбаева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аталған факт бойынша бүгінгі таңда тергеу шаралары жүруде. Оқиғаның анық-қанығы анықталуда.
Өзен жанындағы саябақта күзетші бар. Бірақ, олар «су айналасындағы жағдайды бақылау біздің міндетімізге кірмейді» деп отыр.
Нұртас Рахметов, күзетші:
Жоқ, оны біз ешқандай қарамаймыз. Біз паркті қараймыз. («Балалар суға түсіп жатса ескерту жасамайсыздар ма?») Жасаймыз, бер жағында болса. Ар жағындағыларға даусымыз жетпейді ғой».
Ақтөбеде шомылу маусымы
ресми түрде бірінші маусымда ашылады. Дегенмен, бұл жерде суға түсуге рұқсат
етілмеген. Өзеннің көп бөлігін қамыс пен балдыр басқан, кейбір жерінің табаны
тасқа толған.
Екатерина Кротова, «Жедел-құтқару жасағы» мекемесінің
кезекшілік бөлімінің жетекшісі:
Оқиға орнына 10 адамнан құралған 2 жедел құтқару тобы барды. Сүңгуірлер іздеу жұмыстарын жүргізді. 3-4 метр тереңдіктен мүрделерді алып шықты.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Айта кетелік, қайтыс
болған жасөспірімдердің жасы 14-15-те ғана. Қазір олардың не себептен үшеуі
бірдей батып кеткені анықталып жатыр. Ал Төтенше жағдайлар департаменті күннің
күрт ысуына қарамастан, судың шомылуға болатындай жылымағанын ескертіп отыр.