Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО-ға байланысты елорда әуежайындағы жүк тасымалы 60% артты

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2017
  • 2251

ЭКСПО-ға байланысты елорда әуежайындағы жүк тасымалы 60% артты. Бұл туралы телеарнамызға халықаралық әуежайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сәуір айында әуе айлағының терминалы арқылы 1200 тонна жүк өтсе, мамыр айында бұл көрсеткіш 2000 тоннаға жетіпті. Бұл тауарлар көрмеге қатысушы мемлекеттердің павильондарына арналған қондырғылар болуы мүмкін. Сонымен қатар жолаушылар саны да өткен аймен салыстырғанда 13% ұлғайған. Бірақ астаналық әуежай өкілдерінің сөзінше, шетелдік азаматтардың қатары көбейер күн әлі алда.

Камила Қасымбекова, «Астана қ. халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз хатшысы:

Былтыр жолаушы саны небары 3% көбейген еді. Биыл одан 4 есеге асып түсті. Бірақ жаңа терминал 300 мың адамды қиналмай қабылдайды. Сондықтан іркіліс болмайтынына сенімдіміз. Өйткені жаңа терминал жылына 8,2 миллион адамға қызмет көрсете алады.