Ертең Ұлттық қордан әр балаға 129 доллар аударылады

Ертең Ұлттық қордан әр балаға 129 доллар аударылады

Ертең Ұлттық қордан әр балаға 129 доллар аударылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Былтыр 6 млн 918 мың бала ақша алған. Оның әрқайсысына 100 доллардан аса теңге берілді. Ал биыл 6 млн 921 мың 35 бала қатысады. Олардың әрбіріне 129 доллар 32 центтен түседі. 

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:

Биылғы инвестициялық табыс жаман емес. Орташа инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылады. Бұл жаңалықты қуана отырып бөлісемін. Өйткені, менің де бағдарламаға қатысатын балаларым бар. Биыл 6 млн 921 мың 35 бала қатысады.