Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Денвер қаласында қатты боран соқты

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2016
  • 1992

АҚШ-тағы Денвер қаласы бұрын соңды болмаған қарлы боран құрсауында қалды. Мұндағы ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеген. Ұйытқыған желдің жылдамдығы секундына 60 метрге дейін жеткен.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, табиғаттың тосын мінезінен электр жүйелері істен шығып, осы сағатқа дейін жүздеген үй жарықсыз қалған. Жолдар жабылып, жергілікті халықаралық әуежайдың жұмысы да тұралап тұр. Мыңдаған әуе рейстері көкке көтеріле алмады. Салдарынан жолаушылар діттеген жеріне жете алмай отыр. Тұрғындар осы тектес ақтүтек боран осыдан 10 жыл бұрын тіркелген дейді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА