Павлодарлық табиғат қорғау прокурорлары өзенге заңсыз салынған 200 метрден астам ау мен өзге де балық ұстайтын құралдарды тәркіледі. Мамырдың 10-ы мен маусымның 20 аралығында балық аулауға тыйым салынған. Алайда, әуесқой балықшылар аталған талапты елемейтін сыңайлы. Мораторий аясында табиғатты қорғау прокурорлары мен орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы «Таза су қоймасы» акциясын бастады. Экологиялық шара барысында балық аулауға қатысты көптеген заңбұзушылықтар анықталған. Оған жол берген азаматтарға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Дәурен Кенбаев, Павлодар облыстық табиғатты қорғау прокуроры:
Мораторий
жарияланғалы бері 74 заңсыз ау салу дерегі анықталды. Кінәлілер әкімшілік
жауапкершілікке тартылып, жазаланды. 57 келі заңсыз ауланған балық
тәркіленді.