Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты

Алматы-Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты. Зардап шеккен бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Облыстық полиция департаментінің дерегіне сәйкес, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.