Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда өрттен 2 адам зардап шекті

Алматыда терезелерге арналған алюминий жинақтауыштарды құрастыратын жеке цехта өрт шықты. Тілсіз жаудан екі адам зардап шекті. 200 шаршы метр аумақ отқа оранған. Денесін күйік шалған 63 және 67 жастағы азаматтар қаладағы нөмірі 4-ші ауруханаға жеткізілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

АСЛАН БОЛАТҚАН, ҚАЛАЛЫҚ ТҮРКСІБ АУДАНЫ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түркісіб ауданы Демьян көшесі бойынша мекенжайға 10 сағат 54 минутта Төтенше жағдайлар департаменті бойынша жоғарғы өрт дәрежесі бойынша өрт оқиға орнына жіберілді. 11 сағат 12 минутта оқиға орнынан екі қабатты токарный цехтың жануы тіркелді. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамдары жұмыс жасауда.