Маңғыстаудағы балабақшада бүлдіршіндер астан ұшынды. Оқиға Қызылсай елдімекенінде болған. Ауыл тұрғындары жедел жәрдемге хабарласып, іштері ауырғанын айтады. 37 зардап шегуші тексеріліп, 3 бала мен 1 ересек адам ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша олар астан ұшынған болуы мүмкін. Кінәлілердің 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл арқалау немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Қазір мекеме жабық тұр.
АЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында тиісті сараптама тағайындалды, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият зерттеліп жатыр. Тергеу органдары барлық кінәлі тұлғаларды анықтау және заңды шешім қабылдау бойынша шаралар қабылдауда.