Оралда жаңа мектептің кірпіші үгітіліп жатыр. Төртінші қабаттан төменге түскен бөлшектер оқушыларға қатер төндіріп отыр. Бұған алаңдаған мектеп қызметкерлері қауіпті аймаққа балаларды жақындатпау үшін ғимаратты айналдыра ескерту жолағымен қоршап қойыпты. Білім ордасы 2017 жылы 950 миллиард теңгеге салынған. Мердігердің бесжылдық кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан сараптама жүргізіліп, ақаудың себебі анықталғасын, қаржы бөлгізіп қайтадан жөндейміз, дейді мектеп басшылығы. Қазір білім ошағында 500-ден астам оқушы бар.
ЖАНАРГҮЛ АЙМҰРЗИНА, №4 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ауа райының ылғалдылығына байланысты мына сыртқы дымқылдың әсерінен мектептің сыртындағы кірпіш қаптамасы құлап бастады. Сол себебінен болар деп мен өзім ойлаймын. Мектепті салған кісілерге мен қазір хабарлама беріп, баянат жазып отырмын. Әлі жауабын алмадым.