Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде ұшатын пилотсыз такси пайда болуы мүмкін

Елімізде ұшатын пилотсыз такси пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Алматы әуежайынан Алатау қаласына дейін аэромобиль арқылы тасымалдау мәселесі қазір қарастырылып жатқанын жеткізді. Сөзінше, аэромобиль – сутегімен жұмыс істейтін шағын тікұшақ. Оған 5 адамға дейін сыяды. Жоба келер жылы қолға алынбақ.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Қазір бұл технологияны Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың компаниялары жақсы дамытып жатыр. Қазақстандағы компания осы саланы дамытуға қызығушылық танытты. Осы саланы жіті зерттеп жатырмыз, оны пилоттық жоба ретінде қолдану мәселесін пысықтаудамыз.