Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақордада ЕХРО көрмесіне дайындық соңғы рет пысықталды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2017
  • 2274

ЕХРО көрмесі кезінде қазақстандықтар мен қонақтардың қауіпсіздігіне әрбір басшы жеке жауап беретін болады. Бүгін Ақордада халықаралық көрмеге дайындықты соңғы рет пысықтау кезінде президент осылай деді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігі Астанадағы шенеуніктерге ғана емес, аймақтағы атқамінерлерге де міндеттелді. Жиынға құққорғау органдарының басшылары қатысты. Сондай-ақ Президент әкімшілігі мен "Астана ЕХРО" ұлттық компаниясы жетекшісі және шахар әкімі дайындық бойынша есеп берді. Көрмені өткізу тәртібі де қаралды. Президент осы уақытқа дейін қыруар іс атқарылғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз көрменің ашылуына, қонақтардың келуіне тыңғылықты дайындалдық. Бүгін көрмені аралауға 1 млн 200 мың билет сатылып кеткені жарияланды. Бұл біз күткеннен көп. Сондықтан кісі қарасы қалың болады. Және сіздердің барлығыңызға жеке жауапкершілік жүктеледі.