Жетісу облысындағы мектеп асханасында тышқан жүр

Жетісу облысындағы мектеп асханасында тышқан жүр

Жетісу облысы Ақсу ауданы Қаракемер орта мектебінің асханасында тышқан жүр. Бұл видео әлеуметтік желіде жылдам тарап, көпті алаңдатып қойды. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс жүргізбек.

АЙДЫНБЕК ЖЕКСЕНБАЕВ, АҚСУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Асхананы пайдалану бойынша 2024-2025 оқу жылына мердігер "Шебер" жеке кәсіпкерлігі анықталған. Мердігер тарапынан мектеп асханасына дератизация жұмыстарын жүргізуге санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығының" Ақсу аудандық бөлімшесімен келісімшарт жасалған. 2024 жылдың қараша айында мектеп асханасына арнайы препаратпен дератизация жұмыстары жүргізілген.