Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда бизнес жүргізудің алғашқы суб-ұлттық рейтингі жарияланды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2017
  • 2561

Қазақстанда бизнес жүргізудің алғашқы суб-ұлттық рейтингі жарияланды. Ол бойынша Алматы бизнес жүргізуге ең қолайлы қала деп танылған. Рейтинг кәсіпорынды тіркеу, құрылыс жүргізуге рұқсат алу, электр қуатымен қамту жүйесіне қосылу және жылжымайтын мүлікті тіркеу көрсеткіштері бойынша бағаланады. Ірі 8 қала қатысқан. Кәсіпті тіркеу Астанада жылдам жүзеге асады екен. Яғни 5-8 күн, ал өзге шаһарларда 10 күн кетеді. Астана тіркеу бойынша көш бастап тұрғанымен, өзге бірқатар қиындықтарға орай, артта қалып қойды. Мәселен, электр қуатын тарту бойынша, тек Алматыда ғана рұқсат алу үшін онлайн өтініш жіберуге болады. 

Мусса Троаре, Дүниежүзлік банкі тобының команда жетекшісі: 

Электр желісіне қосылу 900 мың теңгеден басталады, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстанда екі еге дейін өседі. Бұл өңірлерде жаңа қосалқы станция салу талап етіледі. Астанада қуат тарту үшін, 61 күннен 95 күн ішінде 9 процедурадан өту керек.

Бизнес жүргізудің суб-ұлттық рейтингісі - «Дуинг бизнестің» бір тармағы. Оған 189 ел кіреді. Аталмыш рейтинг - дүниежүзі бойынша инвесторлар басшылыққа алатын басты дерек көзі.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ