Катармен бірнеше елдің қарым-қатынасты үзуі кішігірім дүрбелең туғызды. Тұрғындар, тапшылық болады деп қорқып, алдын ала азық-түлікті артығымен алуға кіріскен. Халықта басуға тырысқан биліктің әрекетінен түк шықпады. Аймақтағы ықпалды әрі бай елді оқшаулау оңайға соқпасы анық. Араб мемлекеттері неліктен мұндай қадамға барды және әрі қарай не болуы мүмкін? Тілші тарқатады.
Бұл Доханың орталығындағы ірі супермаркеттердің бірі. Босап қалған сөрелер мен ұзын сонар кезек. Ет, сүт, дәретхана қағазына дейін жұрт талап әкетіп жатыр. Бұған азық-түліктің басты импортері Сауд Арбиясымен шекара жабылады деген әңгіме түрткі болған. Саудиттерден соң, іле шала Катармен бірнеше араб мемлекеттері қарым-қатынасын үзді. Оның ішінде Мысыр да бар.
Біз олармен үзілді-кесілді араласпаймыз. Катар, Түркия және Иран терроризмді қолдайды. Араб мемлекеттері лигасы өз ұстанымын анықтап алу керек.
Ал бұл Хамад әуежайы, рейстер тоқтап қалғандықтан, қаңырап босап тұр. «КатарЭйрвес» біраз шығынға батқанға ұқсайды.
Ахмед Санад, Qatar Аirways клиенті:
Италияға баруым керек еді. Енді билетті қайтып алып, рейсті өзгерттім. Qatar Airways алдағы үш күнде ешқайда ұшпайтындарын айтты.
Диломатиялық қарым-қатынасты үзудің басты себебі - «Терроризм мен экстремизмді қолдау». Катар ДАИШ пен Әл Каида содырларын қару-жарақ пен ақшалай қолдайды, деген ақпар бар. Ресми Эр-Риядпен араға мамырдың соңында сызат түскен. Катар ақпараттық агенттігі Иранды қолдайтыны туралы Әмірдің мәлімдемесін жариялаған еді. Кейін Сыртқы істер минстрлігі агенттік сайтын бұзып кірген деп ақталды. Алайда енді бәрі кеш. Ертең катарлық елшілер қарым-қатынас үзілген елдерден кетуі керек.
Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қайшылықтар жойылады деп сенеді.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Тараптар
барлық мәселені дипломатиялық жолмен келіссөз арқылы шешеді деп үміттенеміз.
Осы жағдайға қатысты ұстамды, әрі екі жаққа тиімді шешім шығаруға барлық
елдерді шақырамыз. Бірінші кезекте, зардап шегетін сол мемлекеттердің
тұрғындары екендігі ескерілуі керек.
Иран, Ресей мен АҚШ әзірге үнсіз. Алайда WikiLeaks таратқан хабар
отқа май құйғандай әсер етті. Онда "Катар мен Сауд Арабиясының ДАИШ-ты
қаржыландырғаны туралы Вашингтон біледі" делінген. Гео-саяси қақтығыс небәрі 2 млн тұрғыны бар,
газға бай елге қандай зиян әкелетіні әзірге белгісіз. Сарапшылар қиындықтардың
болатынын айтады.