Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда мұнай қалдықтары тиелген танкер жеті айдан бері теңізде тұр

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2017
  • 2762

Маңғыстау өңірінде  мұнай қалдықтары тиелген танкер жеті айдан бері теңізде тұр. Бұған аймақтағы экологтар алаңдаулы. Қайраңдап қалған кеме Ресейге тиесілі.

Бауыржан Әмірбеков, Маңғыстау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары:

Өте үлкен мөлшерде су бар, мұнай қалдықтары бар және басқа да басқа кемелерден қалған қалдықтар бар.

Экологтар танкер тұрған жердегі судан бірнеше сынама алған. Әзірге зиянды заттар табылмады. Бірақ мамандар мұның уақытша екенін айтады. 1984 жылы құрастырылған кеме бөлініп қалса, адам айтқысыз апат орын алуы мүмкін. Қалалықтар қауіпті танкердің қасында суретке түсуді әдетке айналдырған. Олар тастаған темекі шоғынан өрт шығуы ықтимал. Әкімдік өкілі даулы танкердің бақылауда екенін айтты.