Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕХРО көрмесі қарсаңында Астанада туристер саны артып келеді

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2017
  • 3406

ЕХРО көрмесінің ашылуы кезінде Қазақстанға 330 мыңға жуық Қытай азаматы келеді деген жоспар бар. Ал 3 айға созылатын көрме барысында бұл сан 2 миллионға дейін өседі. Қазірдің өзінде қаланың әсем жерлерін аралап, музейлерді тамашалап жүрген шет елдіктерді кездестіруге болады. Еліміздің ұлттық музейіне де келушілер саны артқан.

Гүлмира Мүтәлі, ҚР Ұлттық музейінің экскурсия жүргізушісі:

Бұған дейін жаз мезгілінде 2 мыңға дейін келушілер болатын. Ал қыс мезгілінде Астана суық әрі туристер аздау болғандықтан, 700 шамасында болатын. Ал қазір ЭКСПО-ға байланысты өте көп адам күтілуде. 

Көш-қон полициясының ақпарынша, қазір Астанада 65 мың шет елдік азамат тіркелген.  Оның 328-і турист ретінде келген, 130-ы - Қытай азаматы. 14 мыңға жуығы жұмыс іздеп келгендер. Тек Қытайдың өзінен жұмыс бабымен келгендер саны 2 мыңға жуықтайды. Қалған 51 мыңы қонақ болып келгендер. Шет елдіктердің біздің елге ағылғаны аса байқалмаса да, басқа өңір тұрғындарының Астанаға ат басын бұрғанын аңғаруға болады.

Ғалымжан Пірімбет, Астана қаласы бойынша сыртқы көші-қон бөлімінің бастығы:

Көбіне Өзбекстан мемлекеті мен жақын шет ел азаматтары келіп жатыр. Қазір тіркеусіз, визасыз келе алатын 45 мемлекет бар. Тағы экономикасы тұрақты 48 мемлекет бар.