Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік тұрағы мен пандустардың жағдайы тексерілді

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2017
  • 6213

Мүмкіндігі шектеулі жандар діттеген жеріне инватаксимен жетіп, ғимараттарға кіруде ешбір кедергіге кезікпеуі керек. Осыны алға тартқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері көлік тұрағы мен пандустардың жағдайын тексерді.  

Соңғы  5 жылда  837 нысан мүгедектердің кіріп шығуына бейімделіп жасалған. Қоғамдық бақылау комиссиялары олардың 300-ін биыл тексеруді жоспарлапты. Алдымен мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдары назарға алынды. Тексеру барысында кейбір ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі зерделенді. Пандустардың талапқа сай еместігі, дабыл шақыру түймесінің істемей тұрғаны секілді кемшіліктер анықталды 

Мұрат Жұмаділлаев, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы, комиссия мүшесі:

Пандустары стандартқа сай емес. Ол жөнінде басшылығына өз ойларымызды айтып кеттік. Жөндейтін болып келісті.

Алтынбек Жарылқасынов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімі меңгерушісі:

114-не бақылау жүргізілді. Онын 56-сы мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға бейімделмеген деп танылып, тиісті мекеме, органдарға ұсыныстар берілді. Басымдық бұл жерде 44 мекеме - мемлекеттік мекеме болып табылады. Ал қалған 12 мекеме -кәсіпкерлік нысандардың мекемелері болып табылады. 

Шарипа САҚТАПОВА