«Нұр
Отан» партиясы Астана халықаралық әуежайына Елбасы есімінің берілуін заңды
құбылыс деп бағалайды. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары
Мұхтар Құл-Мұхаммед партия департаменттері жетекшілерінің және облыстық филиал
басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиын өткізді.
Отырысты ашқан Мұхтар
Құл-Мұхаммед Астанадағы халықаралық әуежайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
есімі берілгенін зор қуанышпен хабарлап, барша партиялықтарды осынау айтулы
жаңалықпен құттықтады. Өз сөзінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары бұл
бастаманы нұротандықтар ұзақ жылдар бойы көтергенін және түгелдей
қолдайтындарын атап өтті.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:
Тәуелсіз
мемлекетіміздің әрі Астанамыздың негізін салушы Елбасымыз есімінің халықаралық
әуежайға берілуін әбден заңды құбылыс деп санаймын. Америкада Нью-Йорк әуежайы
Джон Кеннеди, Стамбулда Ататүрік есімін иеленген. Бұл оқиғаның қазақтың атын
бүкіл әлемге танытқан ЕХРО-2017 көрмесі кезінде орын алуы өте дұрыс болды.
Әрдайым халқының шынайы қамқорлығына ие болған, Қазақ елін өркениет биігіне
бастап келе жатқан Елбасымыз, қандай үлкен құрметке болмасын, әбден лайық тұлға.