Ақтөбе облысында 13 ірі қара мал тиелген көлік қар құрсауында қалып қойды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2025
  • 486
Ақтөбе облысында 13 ірі қара мал тиелген көлік қар құрсауында қалып қойды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ақтөбелік жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы "Ырғыз-Нұра" тасжолының 40-шақырымында 13 ірі қара мал тиелген көлік қар құрсауында қалып қойды.

Жүргізушіге құтқарушылардың көмегі қажет болды.

ТЖМ күштері көлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарып, жүргізуші өз жолын жалғастырды.