Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы Еңбекші ауылындағы мешіт өртке оранды

Алматы облысында Еңбекші ауылындағы мешіт өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, мешіттің жиһаздары мен шаруашылық заттары жанып кеткен. Ең жақын өрт сөндіру бөлімінің қашықтығы – 22 шақырым. Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр.