Лихтенштейнде алғаш рет үкіметті әйел адам басқарады

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2025
  • 165
Лихтенштейнде алғаш рет үкіметті әйел адам басқарады

Жексенбі күні Лихтенштейнде заңгер Б.Хаас үкімет басшысы болуы үшін дауыс беру өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның «Отан одағы» партиясы 38,3% дауыс жинап, 27,5% нәтижемен екінші орын алған Прогрессивті азаматтық партиядан айтарлықтай басым түсті.

Дауыс беруге 16 171 сайлаушы қатысып, сайлауға келу көрсеткіші 76,3%-ды құрады.

Айта кетейік, Лихтенштейнде елдегі ең ірі партия дәстүрлі түрде премьер-министрді тағайындайды.

Лихтенштейнде мемлекет басшысы – ханзада Ханс-Адам II, бірақ 2004 жылдан бері оның үлкен ұлы, ханзада Алоиз регент ретінде билік жүргізіп келеді. Ол 2003 жылғы референдумнан кейін монархияға көбірек билік берген заңдарға вето қою құқығына ие.