Биыл жаздан бастап Астанадағы автотұрақтар толықтай әкімдікке өтеді. Сондай-ақ айыппұл көлемі азаяды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалив айтты. Тағы қандай өзгерістер бар? Толығырақ тілшіміз Дәрібек Бахытбек айтады.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Мен бұл тұраққа небәрі 5 минутқа ғана тоқтадым. Бірақ бір сағаттың құнын, яғни 100 теңге төлеуім қажет. Төлемесең айыппұл арқалайсың. Ойлаңызшы, қалада қанша көлік бар? Әрқайсысы кіріп-шыққаны үшін ақы төлейді...
Ақылы тұраққа қатысты шағым көп. Жұрттың бірі ақысыз ету керек десе, енді бірі тегін тұру уақытын создыру керек дейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Өте ыңғайсыз. Қазір жұмыстарыңмен 5 минутқа келсен де уже машина өтіп фиксация болса, штраф келеді.
- 10-15 минут қылған жөн деп ойлаймын. 25-30 теңге төлеп кете бересің. Ондай болған тек 1 жыл алдын. Қазір алып тастады оны. Ақылы парковка вообще құптамаймын.
Биыл жаздан бастап елордадағы ақылы автотұрақтар толықтай әкімдікке өтпек. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында ақылы автотұрақ тіпті болмауы керек. Сондай-ақ тұраққа көліктің тегін тұру уақытын 15 минутқа создыру қажет дейді.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ақылы автотұрақтардың бордюрлерін қою, жолын төсеу, сызықтарын сызу барлық инфрақұрылымын тарту, жарықты жүргізу, шөп егу, ағаш егу секілді дүниенің барлығын қалалық бюджет есебінен жүзеге асады. Ал, ол жерден жекеменшік компания иелігіне алғандағы бір ғана жұмысы бар. Ол - ақша жинау.
Мұны экономистер де қолдайды. Бұл бастама қаланың өркендеп-өсуіне оң ықпал етеді дейді. Әкімдікке түскен қаржы қажетті жерге жұмсалады.
ЛӘЗЗАТ НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, ЭКОНОМИСТ:
Әкімдіктің құрамына кіргеннен кейін есепке алынады ғой. Ал есепке алынған қаражаттың оның міндетті түрде жұмсалатын көзі белгінеді. Қанша түсті, қанша қайда кетті деген сияқты. Сондықтан бұл өзіңдік бір реттеудің нағыз жанағы экономикаға да, қаланың өркендеуіне де өзіңдік үлесін қосатын жоба.
Ақылы автотұрақтардың ақысын төлемегендерге салынатын айыппұл құны 3 есе төмендейді. Яғни, олар 4 мың теңге шамасында болады. Ал, бір жылда екі рет қайталанса 8 мың теңге төлейді. Заң наурызда күшіне енеді.