Тойлардың бірінде билеп жүрген жігіт шпагатқа отырған бойжеткеннің аяғының астынан өтемін деп жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тамада ұйымдастырған конкурста билеген жігіт екі аяғын созып, шпагатқа енді отырған бойжеткеннің аяғының астынан өтіп кетті.
Видеоны жүктеген бойжеткен жігітті өмірінде алғаш рет көргенін айтты.
«Шпагатқа соңғы рет 20 жыл бұрын отырған шығармын. Өзім де таң қалып қалдым», - деп жазды видео авторы.
Дегенмен олардың бұл биін желі қолданушыларының бір бөлігі қолдай қойған жоқ.
«Әй, жастар-ай», «Не бүлдірдің?», «Мынау, не сұмдық?», «Мұндай конкурстар адамды ар-ұяттан жұрдай етеді», «Тойда не көрмейсің десеңші», - деп жазды желі қолданушылары.