Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістан мен Пәкістан мүше болса, ШЫҰ жер бетіндегі халықтың 40 пайызын біріктіреді - Президент

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2017
  • 3005

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан мен Пәкістан мүше болса, ұйым жер бетіндегі халықтың 40 пайызын біріктіреді. Оған мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлерін қабылдаған президент осылай деді. Аталған екі елді мүшелікке қабылдау көзделіп отыр.

Кездесуге Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан қорғаныс министрлері мен Қырғызстан Бас штабының бастығы және ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов қатысты. "15 жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Экономикалық ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін құрылған ұйым өзін елеулі өңірлік бірлестік ретінде көрсете білді", - деді президент. Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның экономикалық мазмұнын нығайту қажет екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ұйым мүшелерінің, әсіресе ҚХР көршісі Қазақстанның қолдауымен ШЫҰ экономикалық бөлігі "Жібек жолы" бағдарламасының негізінде жақсы дамып келеді. Сондықтан қорғаныс ведомстволарының қызметі осы арнада шешілуі керек.