“Іште балалар болған“. Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2025
  • 223
“Іште балалар болған“. Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр

Алматыда полиция жекеменшік үйдің қоршауын өртеген ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Алматы тұрғыны Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp нөміріне (+7 777 001 44 99) хабарласып, белгісіз ер адам үйінің қоршауын қасақана өртеп жібергенін мәлімдеген. Оқиға 11 ақпанда сағат 11:30 шамасында Тұрғыт Озал көшесінде болған. Күдікті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Ол Төле би көшесінен үйіме қарай әдейі келген, қолында жанғыш сұйықтық толы канистр болған. Сол кезде іште кішкентай балалар болды", – деді алматылық әйел.

Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.