Астанада ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2025
  • 447
Астанада ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған

Астанада бір тәулік ішінде екі бірдей вандализм оқиғасы тіркелді. Ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақы 7 тәулікке қамауға алынды.

"102 арнасына Айтматов көшесінде белгісіз адам аялдама әйнегін сындырғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. 49 жастағы жергілікті тұрғын анықталды, ол мас болған", – деп жазылған полиция хабарламасында.

Сот қаулысымен ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы ("Қасақана бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылатындай дәрежеде болмаса") бойынша кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.