Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Нығматулин министрлердің ұятын оятуға тырысты

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2017
  • 2276

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин министрлердің ұятын оятуға тырысты. Бүгін төменгі палатада бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі тыңдалды.  Былтыр 36 млрд теңге игерілмей, яғни экономикаға жұмыс істемей текке тұрған. Депутаттар тезге салып, түзетуге тырысқанмен, жағдай жылда қайталанады. Сондықтан квазимемлекеттік сектор үш жылдықтан бір жылдық бюджетке ауысуы мүмкін. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.  

Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат көлемі 400 млрд теңгеге артқан. Бүгінде трансферттердің 37 пайызы Ұлттық қордан. Оған қоса Үкімет бюджет тапшылығын жою үшін, жылда сырттан қарыз алады. Оның әрбір 6 теңгесі босқа алынған болып шықты. Аса мұқтаждық жоқ. Тек пайыздық үстемақысын қайтаруға былтыр жарты трлн теңге аударған. Бюджетті ұқсата алмай отырғаны үшін, Ұлттық экономика министрі бірінші болып сөз естіді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

И не стыдно вам вместе с министром Султановым приходить из года в год сюда? Ну, я извиняюсь, вы первый раз здесь на отчете.

Бір қызығы, Есеп комитеті былтыр 364 тексеріс өткізген. Қисынға салсақ, демалыссыз, күнде тексерген деген сөз. Алайда, қаражатты қайта өндіру бойынша бірде-бір іс сотқа жетпепті. Депутаттарды комитеттің өз құзыретін дұрыс пайдаланбай отырғаны алаңдатты. 

Прокричали на всю страну о сотне миллиардов похищенных. А в результате-то «пшик».

Үкімет пен Есеп комитетінің деректері да бір-біріне қайшы болып шықты. Денсаулық сақтау министрлігі 241 маман оқытылып, тапшылық жойылды десе, комитет бірде бір дәрігер курстан өткен жоқ деп отыр.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Начальники большие, разберитесь! Стыд да позор! Либо, пописывая документы, не читаете их, либо не понимаете, что подписываете. Отправляете в Парламент документы, которые абсолютно друг другу противоречат.

Ұлттық компаниялар да қазынаға алақан жаяды да отырады. Ал 113 млрд теңге жарғылық  капиталда босқа тұр. Оның 87 пайызы жылдан жылға игерілмей жиналып қалған қаражат. Бюджетті жоспарлау сапасын арттырумен қатар, жеке жауапкершілікті күшейту қажет, дейді депутаттар.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі:

Сөз жүзінде емес, іс жүзінде жетекшілер мемлекетік бадарламалар бойынша тиісті көрсеткішке жетпегіні үшін, жеке басымен жауап беруі керек. Біздің фракция мұны әрдайым айтумен келеді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Әсіресе Үкімет, күнделікті біздің әкімшіліктер бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалап, соны ұйымдасытру керек, осыны ұйымдастыру керек. Құрметті Үкімет. 

Конституциялық реформаға сәйкес, ендігі Парламенттің пәрмені арта түседі. Үкіметті тағайындауға да мәжіліс тікелей араласады. Сондықтан бұдан былай сын-ескертулер аяқ-асты қалмауы тиіс.