Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазинвестбанкке» құйылған қаржы 3-5 жылда қайтады – Е.Досаев

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2017
  • 2282

Банкрот болған "Қазинвестбанкке" салынған "Бәйтеректің" депозиті 3-5 жыл ішінде кері қайтарылады. Бұл туралы "Астана" телеарнасына ұлттық холдингтің Басқарма төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Еске салсақ, банкротқа ұшыраған "Казинвестбанкінен" "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі 26 млрд теңгеге депозит ашқаны туралы ақпар тараған. Оның  16,3 млрд теңгесі Ұлттық қордың қаражаты. Былтыр жыл соңында тақырға отырған банктің кредиттік портфелі уақытша "Альфа банктің" басқаруына берілді.

Ерболат Досаев, "Бәйтерек" ҰБХ басқарма төрағасы:

Біз "Альфабанктің" жұмысына сенім артамыз. Олармен келіссөз жүргізілді. Өз ұсынынысымызды айттық. Банк  алдымен зейнетақы қоры мен жеке тұлғалармен есептесіп алуы керек. Содан соң заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектормен есептеседі. Шамамен 3-5 жыл қажет.