Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру басты назарда

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2017
  • 3022

Астана қаласы бойынша жыл басынан бері 449 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. Ал осы үрдісті жалғастыру мақсатында Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы мен жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

"Еңбек етемін деген жанға ешбір кедергі жоқ". Осындай ұстанымды ту еткендердің бірі - Әсемгүл Абрахманова. Арбаға таңылса да, арманынан бас тартпаған ару өз күшімен 2 бірдей жоғары білім алған. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті көңіл бөліп келеді, осының арқасында көптеген кедергілер жойылды, дейді ол. Жәрмеңкеде 15-ке жуық жұмыс берушілер 30-дан астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Әсемгүл Абдрахманова, қала тұрғыны:

Менің ойымша, мұндай шаралар қажет. Елбасының мүгедек жандарды шектемей, жұмысқа тарту туралы тапсырмасы проблеманың шешілуіне оң ықпал етіп жатыр. Шынын айту керек, бізде нұқып көрсетпейінше, өздігінен қол ұшын созу сирек кездеседі. Еңбек жәрмеңкесі мүгедек азаматтардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. 

Жанар Жақыпова, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының консультанты:

«Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 2013 жылдан бері әртүрлі шаралар жүргізуде. Және осындай жәрмеңкелер жылына 3-4 рет өтеді.