«Самұрық-Қазына» қорының бағалы қағазы сатылымға шықты

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2025
  • 245
«Самұрық-Қазына» қорының бағалы қағазы сатылымға шықты
Фото: Ольга Ибраева/Orda.kz

«Самұрық-Қазына» қорының бір жай акциясы 500 миллион теңгеге сатылмақшы, деп хабарлайды Orda.kz.

Директорлар кеңесі бұл келісімді 2025 жылдың 6 ақпанында мақұлдады. Ол сату-сатып алудың басым құқығын іске асыру шеңберінде өтеді. Ведомство бұл акцияны «Мархита», «Топаз-НС» және «Акмолит» компанияларындағы 100 пайыздық қатысу үлестерімен төлемақы ретінде жүзеге асырады.

 Ең қымбат бағаланған компания — «Акмолит» – 390,8 млн теңге. Ал «Топаз-НС» компаниясының құны 50,4 млн теңге, «Мархит» компаниясы 50,1 млн теңгеге бағаланады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Директорлар кеңесі 2025 жылғы 6 ақпанда жалғыз акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен жарияланған акциялар саны шегінде 491 267 000 теңге бағасымен бір жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдады», деп жазылған хабарламада.

Акция бұрын жарияланған бағалы қағаздар саны шегінде орналастырылады.