Ермек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2025
  • 263
Ермек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды
Фото: Sputnik

Президент Жарлығымен Ермек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын:

1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.

1989-1994 жылдар аралығында аталған министрлікте әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.

1994–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президенттің Протоколдық қызметінің басшысы болған.

1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртық істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.

1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.

2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.

2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2023 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.