Жасанды интеллект дәуірінде қазақ медиасының жаңа мүмкіндіктері қандай? Ақпараттық қауіпсіздік пен авторлық құқық қалай қорғалады? Осы және өзге де мәселелер SDU университетінде өткен “Жасанды интеллект және қазақ медиа кеңістігінің трансформациясы” атты дөңгелек үстелде талқыланды. Басқосуда медиа саласының мамандары, журналистер және студенттер жасанды интеллекттің ақпарат кеңістігіне ықпалы, оның артықшылықтары мен қауіп-қатерлері жөнінде пікір алмасты. Сарапшылардың айтуынша, жаңа технологиялар журналистиканы жеңілдеткенімен, бірқатар күрделі мәселелерді де туындатып отыр.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «БАС РЕДАКТОРЛАР» КЛУБЫ ҚБ ПРЕЗИДЕНТІ :
Жаңа технологиялардың ең бірінші кезекте қарқынмен жүретіні әсіресе медиа саласы. Медиа саласы енді кез келген уақытта қоғамның алдында жүретін негізгі алғы шептегі сала деп айтуға болады. Сондықтан жасанды интелектіде дөңгелек үстел басында да жалпы журналистер қауымдастығы арасында ең көп талқыланатын тақырып жасанды интелект және авторлық құқық. Этика фактчекинг мәселелері.
ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ, SDU УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ЖУРНАЛИСТИКА МЕКТЕБІНІҢ АССИСТЕНТ ПРОФЕССОРЫ:
Бізде жасанды интелектке қатысты ешқандай құжат жоқ. Оны қалай пайдаланамыз. Авторлық құқық кімдікі болады деген сияқты осыған байланысты мүмкін бір заң қабылдау керек шығар. Арнайы бір заңдық құжат керек шығар.