Қостанай облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2025
  • 365
Қостанай облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды

Қостанай облысында қарға қамалып қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арқалық – Жезқазған тас жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көлікте үш адам болған. Олар өздігінен шығуға қауқарсыз болғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келген, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, көлікті қардан шығарып, қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Абырой болғанда, жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.