Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақ-қытай іскерлік кеңесінде» жиырмадан астам жобаны бірлесе іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2017
  • 3750

Семейде жаңа жылу электр станциясы салынады. Қуаты 360 мегаватт болатын орталық шаһардағы басты пробеламаны шешуі тиіс. Бұл жөнінде қытайлық "TBA" компаниясымен келісімшарт жасалды. Бұл Астанада өткен "Қазақ-қытай төртінші іскерлік кеңесінде" қол жеткізілген бір ғана уағдаластьық. Осы басқосуда қос тарап жиырмадан астам жобаны бірлесе іске асыру жөнінде  уағдаласты. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Мөлдір Бақыт-Қызы, тілші:

Төрт жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен құрылған "Қазақ-қытай іскерлік кеңесі" бүгінде 51 бірлескен жобаны іске асырып жатыр. Құны 28 млрд доллар. Басы бөлігі мұнай-газ, көлік логистика саласында. Бүгінгі кеңеске қос елден 500-ге жуық бизнес, қаржы саласы өкілдері келді. Нәтижесінде құны 7 млрд болатын 22 коммерциялық келісімге қол қойылды. Айтпақшы, "Самұрық-Қазына" бүгін Қытай даму банкінен 3 млрд доллар алатын болып келісті.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқарма төрағасы:

Қорға Қытай мемлекеттік даму банкі 3 млрд долларға дейін жеңілдетілген несие береді. Ол жарғылық капитал мен бұдан бұрын алған қарыздарды қайтаруға жұмсалады.

Қытайлар шығыста маңызды әлеуметтік жобаны қолға алмақшы. Бір жарым жылдан соң, Семейде жылу электр станциясы салынады. Шанхай биржасына шығатын "TBA" компаниясы 1 млрд доллар беруге әзір. Облыс әкімі шарттарын түсіндірді.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысы әкімі:

15 пайызын қытайлықтан болады. 85 пайызға біз Қытайдан несие аламыз. 20 жылға 2 пайзыбен.

Талдықорғанда да жылу электр орталығы салынады. Жаңа нысан 200 ГВатт қуат пен 200 ГКалл жылу өндіруі тиіс. Бас серіктес - "Шанхай" электрик" корпорациясы. Қалада ГЭС-тан бөлек қуат көзі жоқ екеін белгілі. Бірлескен жоба құны 500 млн доллар.

Алексей Рашник, GLOBAL GENERATION ЖШС директоры:

Сроки ввода 2021-2022 год. Выход на полную мощность 2022 год.

Аспан асты елін мұнай мен газдан өзге де салалар қызықтыра бастағандай. Жасыл энергия бағытында үш жобаның үлескері болуға дайын. Су, жел энергиясын өндіру бойынша қытайдың белді компаниясы "Гидрачайна" Алматы облысында қуаты 300 МегаВат болатын ЖЭС және ГЭС салу жобаларына қол қойды. Оған қоса, Ерейментаудағы жел паркін 45-тен 300 мВт-қа арттыру бойынша меморандум жасасты.

Алмасадам Сатқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

«Гидрачайна» компаниясы өз күшімен алдын ала техникалық-экономикалық терең зерттеу жүргізді. Бұл корпорацияның "Самұрық-Энергодан" басқа да инвестрламен біргіп, Оңтүстік Қазқстанда 870 МВт-тық шағын және орта гидроэлектр станциясын салуға мүмкіндігі бар екенін көрсетті.

Қытай - Қазақстан экономикасындағы 5 ірі инвестордың бірі. Соңғы 12 жыл ішінде елімізге 14 млрд доллар инвестиция құйған. Былтыр тауар айналымы көлемі 8 млрд АҚШ долларды құрады. Ал Қазақ-Ресей арасындағы алыс-беріс 62 млрд долларды құрайтынын ескерсек, бұл сандар айтарлықтай көп емес.