Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Орталық Азияда әскери базасын ашуға мүдделі емес

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2016
  • 1673

АҚШ-тың Орталық Азияда әскери база ашқысы жоқ! Бұл туралы бүгін Хадсон институтына қарасты әскери және саяси сараптау орталығының директоры Ричард Вайц Астанада арнайы өткен конференцияда мәлім етті. Сарапшының сөзіне қарағанда, Америка үшін осы аймақтағы қауіпсіздік өте маңызды екен. Әрине, ол терроризмге тікелей қатысты. Қырғызстандағы жалғыз база - «Манас» - 2 жыл бұрын жабылды.

Ричард Вайц, Хадсон институтының әскери және саяси сараптау орталығының директоры /АҚШ/:

АҚШ-тың Орталық Азияда әскери базасы жоқ. Әрине, түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ оны келісіммен-ақ шешуге шығар. Ал Өзбекстанда база ашу мәселесіне қатысты айтарым, Америка ол жағын қарастырып жатқан жоқ. Оған себеп те бола қоймас.

Ал Америка мен Қазақстан арасындағы байланыс мығым екен. Әскери-стратегиялық зерттеу орталығының басшысы Қозы-Көрпеш Қарбозовтың айтуынша, екі ел құрылымы 2016-2017 жылға өзара әскери келісім жобасын жасап қойыпты. Оның аясында, бірлесе кәсіби біліктілікті арттырмақ. Себебі Орталық Азия аумағында есірткі бизнесі жойылмай тұр. Ал бұл аймақтық экстремизмді қаржыландырудың көзі.

Құралай ПИОНЕР