Байқоңырда
«Протон-М» зымыран-тасығышы алғаш рет қазақстандықтардың қатысуымен ұшырылды. Яғни оған Аэроғарыш
комитетінің 92 маманы ұшырылымды өз
көзімен көріп бақылауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл Қазақстан - Ресей арасындағы
ғарыш салалары бойынша ынтымақтастық шеңберінде орын алды. Енді қазақстандық
мамандарды Байқоңырдағы жобаларға тұрақты түрде қатыстыру мәселесі қаралып
жатыр.
Айта кетейік, бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан Астана уақытымен 09:45-те «Протон-М»
зымыран-тасығышы көкке көтерілді. Бұл бір жылдық үзілістен кейінгі ұшырылым.
Және ол сәтті өтті. Протондардың ұшырылуы былтыр 9 маусымда тоқтатылған еді.
Оған Intelsat-31 жер серігін орбитаға жөнелту кезінде кенеттен ақау шығуы себеп
болған.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
Ұшудың
барлық сатысы штаттық режимде өтті. Зымыран-тасығыштың бөлшектері Қарағанды
облысы мен Ресей Федерациясы Алтай Республикасының белгіленген аумақтарына
құлады. Қазақстан мен Ресей арасындағы
ғарыш салалары бойынша ынтымақтастыққа сәйкес Байқоңырдағы ғарыштық жобалардың
барлығы енді тікелей қазақстандық мамандардың
қатысуымен іске асырылады.