Руслан Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2025
  • 223
Руслан Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Фото: akorda.kz

Президенттің көмекшісі лауазымындағы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды,-деп хабарлады Ақорда.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, - делінген ресми тараған құжатта.