АҚШ-та алапат тасқын болып жатыр

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2025
  • 224
АҚШ-та алапат тасқын болып жатыр

АҚШ-тың Кентукки және Теннесси штатында алапат тасқын. Су апатына төпелеп жауған жауын себеп. Соңғы мәліметке қарағанда, Кентукки губернаторы аймақта төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болған.

«Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, бұл штаттарда ондаған автомагистральды су басып, кейбір тұрғындар жолда қалып қойған. Дегенмен құрбандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. 

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.